Шымкентте 1300-ден аса көпқабатты үй техникалық тексеруді қажет етеді

31

Үшінші мегаполисте тексеруді қажет ететін 1389 көпқабатты тұрғын үй бар. Ал, қайта жаңартуға жатпайтын, апатты жағдайдағы үйлер саны 107-ні құрап отыр. Мәселен, өткен жылы 17 тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 2 үй апатты деп танылған.

Бүгінде Шымкентте техникалық тексеруді қажет ететін 1389 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 303-і бірінші кезекте тексеруден өту керек дейді төтеншеліктер. Ал, қала аумағында апатты және тозығы жеткен 107 үй бар.

Нұржан Қаракөзов, Шымкент қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы: «Бізде қалада 192 442 жеке тұрғын үй бар. Оның ішінде көп қабаттысы 2429 құрайды. Қазіргі таңда оған визуалды жұмыстарын жүргізіп, одан кейін бірінші кезекте 303 көпқабатты тұрғын үйге техникалық тексеруді талап етіледі. Және оған шамамен 300 млн теңге шамасында қаражатты талап етеді»

2023 жылы 17 тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша 2 үй апатты деп танылып, 3еуі пайдалануға жарамды болған.

Нұржан Қаракөзов, Шымкент қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы: «Оның қорытындысы бойынша 12 үй сейсмикалық күшейтуге жататын болды. Қазіргі таңда қала тұрғындарының 85% құлақтандыру жүйесімен қамтылған. Оның ішінде қазіргі таңда 177 электро дабыл қаққыш құралдары бар. 2024 -2025 жылдары 100% қамтылуға жоспарланды»

Сондай ақ, төтеншеліктер 8-ші ақпан күні Республика бойынша команда штабтық оқу жаттығудың өтетінін ескертеді. Шара аясында қала аумағында дабыл іске қосылады.

Нұржан Қаракөзов, Шымкент қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы: «8 ақпан күні күндізгі сағат 12:55:00  қала көлемі бойынша электро дабыл қаққыш сиреналары қосылады. Ол ретте қала тұрғындарына оқу жаттығу екенін ескертеміз»

Бұл іс-шараның мақсаты қала аумағындағы су тасқыны болуы мүмкін жерлердің жағдайын тексеру және оның алдын алу дейді төтенше жағдай қызметкерлері.