Былтыр үшінші мегаполисте пара алу дерегі бойынша 30, пара беру бойынша 23 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралған.
Оның 12-сі сот шешімімен бас бостандығынан айырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотталушыларға жарты млрд теңге көлемінде айыппұл салынған. Қазір оның басым бөлігі өндіріліпті. Мамандар қылмыстық істердің ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері көптеп қаралып жатқанын айтады.
“Бізге ең көп келіп түсетін қылмыстар ішінде қылмыстық кодекстің ішінде резонансты істер бұлар пара беру, алу істері. Яғни сыбайлас жемқорлық істеріне қатысты істер көптеп қаралады. Былтыр сыбайлас жемқорлық бойынша сотталушыларға 584 318 568 теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды. Оның 506 млн. теңгесі төленіп, 77 млн. теңгесі әлі уақыты барына байланысты төленбеген”, — дейді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Айнель Орақбаева.