Жетісай ауданында екі жүк көлігі соқтығысып, екі адам зардап шекті. Олардың бірін жедел жәрдем қызметіндегілері құтқарса, екіншісіне құтқарушылардың көмегі қажет болған.
Оқиға 22 ақпан күні Алмалы ауылындағы Мақталы – Жетісай тас жол бойында болған. Салдарынан 2 адам кабинада қыстырылып қалған.
«Бір адамды «103» қызметкерлері шығарып, ауруханаға алып кеткен. Екінші адамды ТЖД қызметкерлері гидравликалық қайшының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды» деп хабарлады облыстық ТЖД.
Құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 5 адам, 1 техника жұмылдырылған.