Úı ANONS Жүргізуші куәлігінсіз масаң күйде көлік жүргізген 41 азамат бас бостандығынан айрылды

Жүргізуші куәлігінсіз масаң күйде көлік жүргізген 41 азамат бас бостандығынан айрылды

Шымкентте басқару құқығынсыз автокөлік тізгіндеген 42 азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Олардың бұған дейін мас күйінде немесе еліктіргіш затты тұтынып, көлік айдаған.

Сондықтан бірнеше жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда оған қарамастан ішімдік ішіп, қайта көлік тізгініне отырған. Сондықтан былтыр 41 азамат бас бостандығынан айЫрылса, 1 тұлғаға іздеу жарияланды.

«Бұған дейін сотталушы көлік құралын жүргізуден айырылған болады. Бірақ тура солай ішімдік ішіп қайта көлікке отырады. Әкімшілік сотпен 7 жылға шамамен жүзгізуші куәлігінен айрылады. Ол құжатынан айрылған соң қайта отырмау керек көлікке. Бірақ ішімдік ішеді де қайта көлікке отырады. Оны кездейсоқ патрульдік полиция тоқтатып, анықтаған адамдар. Содан барып сот арқылы бас бостандығынан айырылды», -дейді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Айнель Орақбаева.