Талап қоюшы С. талап қоюында жауапкерлер К. мен К-дан ортақ тәртіпте қарызы 694219 теңгені және сот шығыны 6943 теңгені өндіруді сұраған.
2024 жылғы 14 наурызда сотқа тараптардан өтінішхат түсіп, онда олар арасында дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін, келісімді бекітуді және істі өздерінің қатысуынсыз қарауды сұрайтынын көрсеткен.
Талап қоюшы С-ның жауапкерлер К. мен К-дан ортақ тәртіпте қарыз ақша өндіру туралы талап қоюының негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді.
Келісім бойынша: Жауапкерлер К. мен К. өз кезегінде С-ның пайдасына қарызы 690000 теңгені 2024 жылғы наурыз және сәуір айларының 25-не дейін 25 000 теңгеден, 2024 жылғы мамыр айының 25-нен бастап 2025 жылғы 25-ші тамызға дейін әр ай сайын 40 000 теңгеден «Каспи қосымшасы» арқылы төлеп құтылуға міндеттенеді.
Талап қоюшы С. өз кезегінде жауапкерлер К. мен К-дан ортақ тәртіпте қарызы 694219 теңгені теңге өндіру туралы талап қоюынан бас тартты.