О.Бектенов: Қазақстанға халықаралық банктерді белсенді тарту қажет

38
Олжас Бектенов,

Премьер-Министр Олжас Бектенов Халықаралық Сесайти Дженерал банкінің басшыларымен кездесті. Қазіргі таңда отандық компаниялар екі ғасырға жуық тарихы бар қаржы институтымен энергетикалық инфрақұрылым және нарықтағы түрлі жобалар бойынша келіссөздер жүргізуде.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, Қазақстанға әлі де халықаралық банктерді белсенді түрде тарту қажеттігін айтты.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі: «Осы кезеңде 17 млрд-тан астам сомаға 30-дан аса бірлескен жоба іске асырылды. Сесайти Дженерал еліміз үшін маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруға корпоративтік қаржыландыру ұсынады. Қазақстан Үкіметі диалог үшін ашық және сіздердің идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызды қарауға, сондай-ақ бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі талқылауға дайын».