Күні кеше Қ. Төлеметов көшесінен Солтүстік шағынауданына жалғайтын диаметрі 1000 мм су құбырында апатты жағдай орын алды. Осыған байланысты Солтүстік, Шығыс, Шапағат, 17 және 18 шағынаудандарында су уақытша ажыратылды.
Апаттың себебі су құбырының тозуы мен коррозиясы жоғары. Кейбір шағын аудандарда судың әлсіз қысымы байқалады. Қазіргі уақытта сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
1 кран, құбырларды тасымалдау машинасы және 4 апаттық бригада жұмыс істейді. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.