Бүгін Шымкентте мешіттердің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Мұсылман жамағатының қатысуымен Жұма намазынан соң, Орталық мешіт аумағында сенбілік өтті. Киелі орында қоқыстан тазалау іс-шарасына жастар белсене қатысты.
Дін өкілдерінің сөзінше, азаматтар тек «Таза Қазақстан» акциясы аясында ғана емес, басқа күндері де аптасына үш рет мешіт аумағы тазалайтын көрінеді. «Тазалық – діннің жартысы» деген мешіт қауымы әр сенбілікке ықылыспен атсалысады дейді.
«Тазалық иманның жартысы дегендей, тек қана мемлекет басшысы акция жариялағанда ғана емес, жалпы басқа уақыттарда да отбасымыздан бастап, тұратын үйімізде, аулаларымызда тазалық шараларын ұйымдастыратын болсақ, бұл діннің жартысын орындаған болып есептеледі екен. Құрметті қала тұрғындары барлығыңызды осы акцияны және жалпы тазалықты отбасымызды тазалыққа баулуға, тәрбиелеуге, үйретуге шақырамын. Себебі барлық құлшылықтың түрі тазалықтан басталады!», — дейді Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдурахманов.