Сарыағашта жоғалған 3 жасар қыздың денесі табылды

307

(Фото: Түркістан облыстық ПД)

Сарыағашта 16 мамыр күні үй маңында ойнап жүріп, ізім-ғайып жоғалған 3 жасар бүлдіршіннің денесі денесі табылды.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған кішкентай қыздың зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды.

«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қыздың денесінен қандай да бір жарақаттар анықталмаған. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады»,-делінген полиция мәліметінде.

Еске салсақ, Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылының кішкентай тұрғыны 16 мамыр күні таңғы уақытта үй жанында ойнап жүріп, бірден көзден таса болған. Оны іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, құтқарушылар, әкімдік, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтарды тартылып, полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған болатын.