Úı ANONS Шымкентте жемқорлыққа қарсы мобильді топ халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді

Шымкентте жемқорлыққа қарсы мобильді топ халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді

фото Ашық дереккөз

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында ағымдағы жылдың 4 мамыр күні адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлардың қатысуымен халыққа заңгерлік кеңес беру жоспарлануда.

Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат қажетті құқықтық көмек ала алады.

Өтетін орны: 4.05.2024 ж. сағат 17.00-де, Шымкент қаласы, «Mega Planet» сауда орталығы (2-қабат).