Биыл Шымкент қаласына 928,7 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланса, 5 айдың ішінде 203,7 млрд. теңге түскен. Жалпы биыл 262 млрд. теңгеге 6 мыңнан астам жұмыс орны бар 64 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде.
Шымкентте ретсіз сауда жасаушыларға 2 млн. 503 мың теңге айыппұл салынған. Жыл басынан бері оның 1 жарым млн теңгесі өндірілген. Жалпы 2024 жылдың 4 айында 1380 хаттама толтырылып, 1240 ескерту жасалған. Бұл туралы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары мәлімдеді. Сөзінше, қаладағы ретсіз сауданы жою мақсатында басты көшелерде белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
5 айдың ішінде Шымкент қаласына 203,7 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жалпы 2024 жылға жоспар 928,7 млрд. теңге. Мемлекеттік бюджеттен түскен инвестиция көлемі 29,5 млрд. теңге болса, ал жекеменшік инвестициялар 174,2 млрд. теңгені құрады. Жалпы қалада 2024-2028 жылдары жүзеге асырылатын құны 2,7 трлн. теңгеге 220 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Онда жаңа 30 мыңнан аса жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Ермек Тұрманов, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары: «Бұл бойынша бізде нақты жоспарымыз бар. Қазіргі таңда асырылып жатқан жобаларымыз айларға бөлінген, қандай жобалар биыл іске қосылады».
Биыл мегаполисте құны 262 млрд. теңгеге 6336 жаңа жұмыс орнымен 64 инвест-жоба іске асырылады деп күтілуде. Жалпы Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 20 – ірі, 45 – орта және 837 – шағын өндіріс. Жыл басынан бері 5 айдың ішінде өнеркәсіп кәсіпорындары 424,7 млрд. теңгенің өнімін өндірген.