Шымкентте 8 шілде күні кезекші ХҚКО ғана жұмыс істейді

40
фото Шымкент қаласы ХҚКО баспасөз қызметі

8 шілдеде Шымкентте кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді

Елорда күніне байланысты 6 шілде күні орталықтар жұмыс істемейді. Дүйсенбі күні, яғни 8 шілдеде азаматтарды тек кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қала тұрғындарын сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Айта кетейік, 9 шілдеден бастап барлық мекеме әдеттегі кестеге сай жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00 аралығында және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге аралығында, сенбі күні 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Орталықтарға кезекті «ХҚКО» және «eGov mobile» қосымшалары, egovkzbot2.0 телеграм-боты, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы брондауға болатынын ескере кетейік.