Шымкентте қараусыз қалған ғимаратта өрт шықты

126

Шымкенттегі Абай ауданында қараусыз қалған ғимарат өртенді. Нысанның шатыры жанған.

Төтеншеліктердің хабарлауынша, қызыл жалын 280 шаршы метрді шарпып үлгерген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер өртті дер кезінде сөндіріп үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.