Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық апталық акциясы аясында кезекті тазалық іс—шарасы өтті. Белсенділер Абай ауданына қарасты тас жол бойында сенбілік жұмыстарын жүргізді. «AMANAT» партиясы ұйымдастырған іс—шарада коммуналдық мекеме қызметкерлері мен ерікті жастардан бөлек, спортшылар мен жайдарманшылар да қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, блогерлер де бүгінгі акцияда белсенділік танытты.
Бейсенбінің таңы Шымкенттік танымал жандар үшін белсенді басталды. Жайдарманшылар, блогерлер мен спортшылар Шымқаланы қоқыстан тазалауға шықты. Миллионды қаланың сенбілігіне атсалысып жүргендер қатарында жергілікті «Миллион» командасы да бар.
Мансар Орынхан, «Million» құрамасының мүшесі:
«Біз миллион командасы әр сенбі күні осылай тазалыққа шығамыз. Достарымыздан сұрасаңыздар болады, деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Анда-санда осылай ағаларымыз шақырған кезде келіп тұрамыз. Жастармен бірге қаланы тазалап жатқанымызға қуанып тұрмыз».
Шымкентте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында «Таза Бейсенбі» экоакциясы өтті. «Аманат» партиясы ұйымдастырған шарада белсенділер А2 тас жолының бойын тазалады. Жауаптылар сенбілік шарларына әлеуметтік желіде оқырман саны көп тұлғаларды шақыру өз пайдасын беріп жатқанын айтты.
Мұрат Жолдыханов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
«Біздің сайлау кезінде халыққа берген уәдеміз бар. Жол картамыз бойынша «жастар рухы» 4 500 тал екті. Өткен аптада 250-дей жастар жиналған, осы аптада 400-350-дей жастар жиналып жатыр. Енді әр бейсенбіде бәріміз жиналып, қаланың тазалығына атсалыссақ қаламыз таза болады».
Бүгінгі сенбілік шарасында белсенділер 1 тоннадан астам қоқыс шығарды. Халық алдында жүрген тұлғалар мегаполисті ластамауға, жастарды экоакцияларда белсенді болуға шақырды.