Қытай медицинасы – дәстүрлі медицинаның дамыған саласы

45

Дертіне шипаны дәстүрлі медицинадан іздейтін қазақстандықтардың саны артқан. Себебі, кей жандарда дәрі-дәрмекке, ультрадыбыстық сәулеге деген қорқыныш бар. Сондықтан олар үшін дәстүрлі медицина емдеудің қауіпсіз түрі саналады. Дәстүрлі және халық медицинасы орталықтары да жылдан жылға көбейіп жатыр. Оның ішінде дәстүрлі қытай медицинасы елімізде ерекше танымалдыққа ие. Қаламыздағы «Мерей» Қытай медицина орталығында болып қайттық. 

75 жастағы Бибиниса Хайитметова 5 жылдан бері дертіне шипа іздеген. Бармаған жері, баспаған тауы қалмаған ана ауруына емді Қытай медицинасынан тапқан. Ол «Мерей» Қытай медицина орталығына жүре алмай келіп, тиісті ем-домнан кейін аяққа тұрдым дейді.

Бибиниса Хайитметова, емделуші: «Мен мұнда жүре алмай келген едім, 7 күн дегенде жүріп кеттім. Аяқтарым ісіп кеткен еді. Қазір жақсы болып қалдым. 15 күн бойы ем алдым, бүгін соңғы күнім. Расында да жақсы болып қалдым. Маған ине қойды, банка қойды, массаж жасап, дәрілер берді.  Мойнымды да бұра алмайтын едім, қазір жазылды»

Қытай медицинасы – дәстүрлі медицинаның белгілі және дамыған саласы. Мұндағы басты қағида адам ағзасын біртұтас мүше, бір механизм ретінде қарастыру. Ал ол жүйе белгілі бір тәртіп бойынша жұмыс істеуге тиіс. Тәртіп бұзылса, оны тек табиғи жолмен қалпына келтіру керек. Мамандардың сөзінше, химия мен хирургия — Қытай медицинасына жат түсінік.

Дәстүрлі Қытай медицинасында сұрақ қою, тамыр соғысын қарау және тілді тексеру арқылы диагностика жүргізіледі. Соның көмегімен науқасқа диагноз қойылады. 35 жылдық тәжірибесі бар қытайлық дәрігер тамыр соғысы арқылы белгілі бір аурудың қандай мүшеге тиесілі екенін білуге болады дейді.

Хуан Чин Фей, дәрігер: «Тамыр соғысының 28 түрі бойынша белгілі бір аурудың қандай мүшеге немесе жүйеге тиесілі екенін анықтаймыз. Ал, науқас тілін көрсеткен кезде бірден адамның ағзасында нендей жайт болып жатқанын білуге болады. Шамамен тілдің 20 түрі бар. Соның көмегімен диагноз қойылады. Кейін дертіне шипа болатын шөптерді ұсынып, ем-дом шараларына кірісеміз»

Қытай медицинасындағы емдеудің танымал бағыттары — инемен және шөппен емдеу. Ине терапиясы бел және мойын ауырғанда өте тиімді, дейді мамандар. Инемен емдеу мұндай ауруды бірден басады. Сонымен қатар, Шығыс медицинасының бір тармағы — Банка қою. Ол көптеген сырқатқа ем бола алады. Әсіресе, денеде жиналған суықты шығаруда пайдасы көп.

Хуан Чин Фей, дәрігер: «Қытай медицинасының 5000 жылдық тарихы бар. Бізде шөптермен емдеудің 700-ден астам түрі кездеседі. Сондай-ақ, сирек қытайлық дәрілік шөптер мен шөптердің қайнатпаларын пайдаланамыз. Жағдайдың ауырлығына қарамастан, емдеудің 2 немесе 7 күнінен кейін барлық симптомдар жойылады. Ең бастысы қайталанусыз емделеді. Баршаңызды кеңес алуға және емделуге шақырамыз»

Мегаполистегі «Мерей» Қытай медицина орталығы әлемнің 6 елінде ем жүргізеді. Мұндағы тәжіриелі дәрігерлер шымкенттіктерді Ж.Аймауытов көшесі 120 мекен-жайында күтеді.

Мекен-жайымыз: Аймауытов көшесі, 120