Сарыағаш: 51 млн. теңге көлік салығы төленбеген…

40
фото САӘБҚ

Сарыағаш қаласы аумағында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес берешектерді өндіру мақсатында С.Ысмайлова көшесі бойында әкімдік қызметкерлері, аудандық полиция бөлімі және аудандық жеке сот орындаушылармен бірлесе рейдтік іс-шара өтті.

Сарыағаш қаласы бойынша 1645 тұлғаның 51 млн 737 теңге көлік салығынан төленбеген берешектері бар. Көлік салығын төлеуден жалтарып жүрген 2 борышкер анықталып 1 борышкерге ескерту беріліп, 2-ші борышкер берешегін іс-шара барысында төледі.
Көлік салығы бойынша борышкерлер санын қысқарту мақсатында Сарыағаш ауданына қарасты ауылдық округ аумақтарында рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35- бабына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы төлеу, салық заңдылықтарын сақтау – мемлекетіміздің алдындағы ортақ борышымыз.