25 қазанға дейін жылу толықтай беріледі

23
Фото: Отырар.кз

Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасындағылар қалада жылу қашан берілетінін айтты.

Ауа температурасы кемінде 3 күн қатарынан +8 градусты көрсетсе, шаһарда 10 қазаннан бастап жылу беріле бастайды. Егер күн жылы болса, бұл мерзім созылуы мүмкін. Дегенмен жауаптылар күн райына қарамастан 25 қазанға дейін қала бойынша барлық әлеуметтік нысан мен тұрғын үйлер жылуға толықтай қосылады деп отыр.

«Жылу маусымы тәуліктік ауа температурасы 3 күн қатарынан 8 градустан төмен болса, қала әкімінің өкімі шығып, жылу қосылады. Бірінші, мектептер, ауруханалар қосады. Екінші, тұрғын үйлер. Үшінші, бизнес нысандары.на жылу беріледі. 10 қазан мен 20 қазан аралығын жоспарлап отырмыз. Күн жылы болса да, соңғы дата 25 қазан», — дейді Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас маманы Ерболат Мамырхан.

Айта кетейік, былтыр жылу маусымы 20 қазанда басталған еді. Ал өткен жылу маусымында 6 авариялық жағдай тіркелген. Мұндай жайттың алдын алу үшін биыл 29 шақырымдық желіге жөндеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қаладағы жылу құбырларының тозу көрсеткіші 32 пайызға төмендеуі мүмкін.