Шымкентте жас офицерлер жиыны аяқталды

22
фото Шымкент гарнизон

 

Шымкентте әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімдеріне тағайындалған лейтенант-түлектер жиыны өтті. Жиындар аяқталғаннан кейін жас офицерлер қызмет өткеру орны бойынша қызметтік міндеттерін бастады.

Мұнда барлығы 40-тан астам жас офицерлер келді. Жаңадан тағайындалған командирлер заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді, әскери жарғыларды, атыс, арнайы және дене шынықтыру ережелерін егжей-тегжейлі зерттеді. Лейтенанттар психологиялық тестілеуден өтіп, Макаров тапаншасынан атыс жаттығуларын орындады.

Сонымен қатар, жиында жас офицерлер тактикалық және атыс дайындығы бойынша жеке құраммен өз бетінше жұмыс істеуге дайындалды. Жиын ҚР ҚК ӘҚҚ әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Берік Молдақұловтың басшылығымен өтті.

— Жас офицерлер әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде алдағы әскери қызметке бейімделуі керек. Біз сондай-ақ оларды лауазымды қабылдау, жеке құраммен оқу процесін ұйымдастыру және тәрбие жұмысын сапалы жүргізу бойынша қажетті біліммен қаруландыруға тырыстық, — деп атап өтті ол.

Жиын барысында жас офицерлердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ерекше назар аударылды. Олар командалық рухты қалыптастыруға және сынақ жағдайларда шешім қабылдау қабілетіне бағытталған бірқатар тренингтер мен практикалық сабақтардан өтті. Тәжірибелі тәлімгерлер өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісті, бұл түлектерге әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдеріндегі қызметтің ерекшеліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.

Теориялық дайындықтан басқа, жас лейтенанттар әуе қорғанысы жүйесінде қолданылатын жаңа технологиялар мен жабдықтарды зерттеуге мүмкіндік алды. Жиындар аясында жоғары технологиялық кешендердің жұмысын көрсету ұйымдастырылды, бұл офицерлерге әуе кеңістігін қорғаудың заманауи әдістерімен танысуға мүмкіндік берді.

Жиындар сәтті аяқталғаннан кейін лейтенанттардың әрқайсысы өз күштеріне және қызметке дайын екендіктерін анық сещіне алды. полковник Берік Молдақұловтың айтуынша — жас офицерлер біздің аспанымызды қорғауда сенімді тірек болатынына және қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті барлық жақсы қасиеттерді көрсететініне сенімдіміз. Бұл елдің әуе қорғанысы әскерлері үшін жаңа жетістіктерді болжайды.