Түркістан шағын және орта бизнес саны бойынша республикада үшінші орында

25
фото Отырар.кз

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға қолдау күшейтіле түсті. Сондықтан болар, шағын және орта бизнес саны бойынша бұл аймақ елімізде үшінші орында тұр. Дегенмен, салада қордаланған мәселелер де жоқ емес. 

Түркістан облысы шағын және орта бизнес саны бойынша республикада үшінші орында. Облыс әкімдігі бизнес-климатты жақсарту бойынша бірқатар жүйелі қолдауларды іске асырып жатқандарын айтады. Мәселен, жыл басынан бері 4 индустриалды аймақ құрылып, олардың саны 13-ке жеткен.

Нұралхан Көшеров, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: «Бүгінгі таңда Түркістан облысында 210 мыңғы жуық шағын және орта бизнес қызмет етеді. Түркістан облысы шағын бизнес саны бойынша Астана мен Алматыдан кейінгі 3-ші орында. Кәсіпкерлерге қолдау көрсету — әкімдік жұмысының басты бағытының бірі болып табылады. Аймақ басшысы Д.Сатыбалды, өзім де кәсіпкерлік саласына жетекшілік ететін әкім орынбасары болғандықтан бизнес субьектілермен тұрақты жүздесіп отырамыз»

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдері алдында бірыңғай есеп берді. Жиында кәсіпкерлікті қолдау жөнінде атқарылған жұмыстар талқыланды.

Зухра Амирова, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:
«Кәсіпкерлік палатасына 8 айдың ішінде кәсіпкерлер тарапынан123 шағым келіп түскен болатын . Оның 44-і яғни 39% кәсіпкердің пайдасына шешіліп, 961 млн тг көлемінде мүліктік құқықтар қорғалған. Аталған есептік кезеңде палата заңгерлері жалпы кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын 13 азаматтық және әкімшілік іске қатысып, оның 8-і бойынша сот шешімі кәсіпкерлердің пайдасына шешілген»

Сондай-ақ жауаптылар инвестициялық мүмкіндіктер туралы да кеңінен айтып берді. Сөздерінше, жыл соңына дейін негізгі капиталға салынған инвестициялар индикаторы артады.

Нұржігіт Мырзахметов, Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы: «Түркістан облысында 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар индекаторы 1 трлн 133 млрд тг көлемінде бекітілген. 8 айдың қорытындысымен өңірге тартылған инвестициялар көлемі 596 млрд теңге құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125 те 6 пайызды құрап отыр. Бұл ретте жоғарыда аталған индекатор жылдың қорытындысымен 1 трлн 149 млрд тг орындаймыз деп жоспарлаудамыз»

Басқосуда бизнес өкілдері жауапты мамандарға өз өтініштері мен ұсыныстарын айтты. Қордаланған мәселелерді шешу бойынша облыс әкімдігі және құқық қорғау органдарымен бірлескен хаттама түзілді.