Созақ аудандық сотында Н.-ға қатысты қолданылған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы пробация қызметінің ұсынымы қаралды.
Сотталған Н. Алматы облысы, Талғар аудандық сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағыменкінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған және ҚК-нің 44-бабына сәйкес оған қатысты тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, міндеттер жүктелген.
Сотта анықталғандай, сотталған Н. пробация қызметінің талаптарын орындамай, қоғамдық тәртіппен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқықбұзушылық жасап, бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны қаскөйлікпен бұзған.
Сот қаулысымен пробация қызметінің ұсынымы қанағаттандырылып, Н. қатысты шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 2 жыл 4 ай 26 күні бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енбеген