Түркістанда ер адам мен бұрынғы күйеу баласының арасындағы жанжал қанды оқиғамен аяқталды. Ер адам бұрынғы әйелінің жездесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Ол балаларын көру үшін экс-әйелінің үйіне барған. Бірақ сол мезетте екі ер адам арасында жанжал туындаған. Полиция күдікті ұсталғанын айтты. Ол өз әрекетін мойындапты.
Ерлан Қойшыбек, Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары: «Полиция Түркістан қаласындағы кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, кісі өлтіруге оқталу дерегіне қатысты күдікті жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам бұл әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды».
Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.