Қазақстанда 600 мыңға жуық ұстаз қызмет етеді

1
фото: Отырар.кз

Елімізде 600 мыңға жуық ұстаз түрлі білім ордасында еңбек етеді.

Оның ішінде 400 мыңға жуығы мектепте білім берсе, 42 мыңнан аса педагог колледжде сабақ береді. Ал балабақшадағы мамандар саны 100 мыңға жеткен. Мектеп мұғалімдерінің ішінде 323 мыңы әйел педагог болса, 75 мыңы — ер адам. Бұл республикадағы жалпы ұстаздардың 19 пайызын құрайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, педагогтардың басым бөлігі 10 мен 20 жылға дейінгі аралықта еңбек етіп жүрген жандар.

Ал Шымкенттегі білім ордаларында жалпы 30 362 педагог жұмыс істейді. Олардың 21 200-і мектепте, 2 253-і колледждерде білім береді. 710 қызметкер қосымша білім беру мекемелерінде еңбек етсе, 5962 маман балабақшада жұмыс істейді.