Сайрам ауданында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне айырықша көңіл бөліп келеді. Мұның дәлелі, аудан әкімі Арман Сәбитов Ақбұлақ ауылы, Ақсу өзенінің бойында орын тебетін атшабар алаңының алдағы жоспарларымен танысты.
Жер телімі 3,6 га аумақты құрайтын аталмыш атшабар алаңында қөкпар, теңге алу, бәйге және т.б. ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Аралау барысында аудан басшысы тұрғындарымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында салынғалы жатқан спорттық нысанның жобалық-сметалық құжаттарын тиянақты жүргізуді тапсырды.