Шекара белдеуіндегі тұрғын үй иелерімен кездесті

28
фото КАӘБҚ

Келес ауданының шекара маңындағы жергілікті халқы шекара күзеті құрылған сәттен бастап мемлекеттік шекараны қорғау және күзету ісіне белсенді түрде ат салысуда. Бүгінде олардың көмегі мен қолдауы мемлекеттің шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында өзекті болып отыр.

Осы орайда Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасы «Қызыләскер» шекара бөлімшесінің бастығы капитан Б.Жумашевпен Ескіқорған елді мекеніндегі шекара белдеуіндегі тұрғын үй иелерімен кездесті.
Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңынан мемлекеттік шекараны қорғау қағидаттары мемлекеттік шекараны күзету, оны қорғау жөніндегі шаралар, шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріп-тұруы, мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу, карантин белдеуі, шекарадағы тосын оқиғаларды шешу шекара өкілдері, мемлекеттік шекара режимін бұзу және шекараны бұзушылар туралы талаптар, міндеттемелер және жауапкершіліктерді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №866 «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» қаулысында көрсетілген талаптар мен міндетемелерді түсіндірілді.
«Мемлекеттік шекараны қорғауда көмек көрсету әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ұлан-ғайыр жеріміздің сыртқы күштерден қорғауда, елімізде бейбіт тіршіліктің, азаматтарымыздың еркін жүріс-тұрысының, келешек ұрпақтардың жарқын болашағы үшін шекаралық аймақта шекара қорғау барысында жергілікті тұрғындармен біргелікте жұмыстар жүргізуге дайынбыз. Осы елді мекендегі барлық азаматтарды шекаралық аймақта бөтен азаматтардың келеңсіз жүріс-тұрысына, басқа-да түсініксіз жағдаяттар анықталған жағдайда шекара қызметкерлеріне шұғыл түрде дереу хабарлау қажет», — деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасы «Қызыләскер» шекара бөлімшесінің бастығы капитан Б.Жумашев.
Өз кезегінде Шекара қызметінің аумақтық органының басшылығы шекара маңындағы әрбір тұрғынды Мемлекеттік шекараны күзетуді қамтамасыз ету мәселелерінде қырағылық пен азаматтық жауапкершілікті танытуға шақырады. Күдікті адамдар анықталған жағдайда, бұл туралы Шекара қызметі департаментінің аудандық бөлімшелерінің телефондары арқылы немесе сенім телефонына хабарлауды сұрайды.