Ұстаздардың еңбегі ұлықталды

0
ОТЫРАР

Шымкентте білімнің шамын жағып жүрген педагогтердің еңбегі ұлықталды. Бүгін Жұмабек Ташенев университетінің ұйымдастыруымен ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шарада университет құрылтайшысы құттықтау сөз сөйлеп, жастарды тәрбиелеудегі қажырлы еңбектері үшін білім саласының қызметкерлеріне алғысын айтты.

Салтанатты жиында оқытушыларға арнайы марапат табысталды. Ал шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, студенттер қауымы ән мен биден шашу шашты.