Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

394

Науқасты ауруханаға алып бара жатқан жедел жәрдем автокөлігі аударылды. Оқиға Арғынбеков пен Өтегенов көшелерінің қиылысында орын алды.

WP_20140513_16_15_23_Pro

WP_20140513_16_16_01_Pro

Өтегенов көшесімен жүйткіп келген арнайы автокөлікті «Ауди» жүргізушісі өткізбеген. Куәгерлердің сөзіне сенсек, жедел жәрдем автокөлігі бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіпті.

Осылайша науқасты ауруханаға алып бара жатқан дәрігерлердің өзі аурухана төсегіне таңыла жаздады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал ауруханаға жеткізілмек болған азаматты апаттан кейін басқа жедел жәрдем бригадасы алып кеткен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3pWgKPXUvgs[/youtube]