«Черемушки» маркеті сатып алушыларын Еуропадан келген бірегей тауарлардың кең таңдауымен қуантады. Қала тұрғындары мен қонақтары қауіпсіз және тиімді химиялық тауарлар, қытырлақ етіп пісіруге оңай болатын мұздатылған нан және кез-келген талғамға арналған жаңа жылдық сыйлықтарды таба алады.
Желтоқсан – ғажайыптың, сыйлықтар мен жылдың ең керемет мерекесіне дайындалатын уақыт. Бұл айда көшелер ерекше жарық әрі әдемі күйге енеді. «Черемушки» маркетінде ұсынылған жаңа жылдық себеттер тұрақты тұтынушылар үшін жағымды жаңалықтардың бірі болды. Мұнда себетті өз қалауыңыз бойынша жинау мүмкіндігі ұсынылады. Мұндай сыйлық ерекше әрі есте қаларлықтай болады.
Елена Харлампиди, тұтынушы: «Бұл — қаладағы еуропалық өнімдерді сататын жалғыз дүкен, сондықтан біз мұнда ең жақсы соустар, макарондар мен шоколад үшін келеміз. Ал қазір қандай тамаша өнімдер барын қараңыз! Дүкенге келе тұрып, жақындарыңызды қуанту үшін келуге немесе өзіңіз үшін бірдеңе сатып алмай кетуге болмайды. Сондықтан мен бүгін мұнда сыйлықтар алу үшін келдім».
«Черемушки» маркетінде Еуропадан жоғары сапалы өнімдердің кең ассортименті бар. Мұндағы тіс пасталары, ұнтақтар, тұрмыстық тауарлар, сусабындар — сапасы мен тиімділігіне байланысты нарықта өзін дәлелдеген тауарлар. Компания бірегей неміс технологиясы бойынша жасалған нан өнімдерінің 30-дан астам түрін ұсынады, мұздатқыштан мұздатылған өнімді шығарып, оны 15-20 минут ішінде дайын болғанға дейін пісіру жеткілікті.
Батырхан Жақсыбаев, «Черемушки» маркетінің директоры: «Бізде Еуропадан келетін эксклюзивті өнімдер бар. Бұл — бельгиялық шоколад, балаларға арналған шырындар, сонымен қатар біз тұтынушыларымызға неміс нанын ұсынамыз. Бірегейлігі — нан қатты мұздатылып жасалады, бұл оның сақтау мерзімін ұзартады және дәмін жоғалтпайды. Сондай-ақ, Жаңа жыл қарсаңында әр клиентке жаңа жылдық сыйлықтар ұсынамыз. Біз жеке сыйлықты эксклюзивті еуропалық өнімдерден жасаймыз».
Маркет қолжетімді бағада жаңа піскен көкөністер мен жемістердің кең ассортиментін ұсынады.»Черемушки» дүкендер желісіне Delta Oil жанармай құю станцияларында ыңғайлы орналасқан алты заманауи шағын маркет кіреді. Бұл әр сапарды ыңғайлы етеді және күнделікті тауарларды сатып алуға бөлінетін уақытты үнемдейді.
@cheremushkimarket
Мекенжайы: Желтоқсан көшесі 20