Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласында көшелердің бірінде автокөлік жүргізушілерінің арасында туындаған жанжалдың бейнежазбасы тарады.
Жайт туралы қалалық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков түсініктеме берді.
Полиция полковнигінің айтуынша, жанжал нәтижесінде жүргізушілердің бірі дене жарақатын алған. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Алмасбеков азаматтардың қауіпсіздігін нығайту үшін Заңмен кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын еске салды.
Сондай-ақ, полицей ешбір құқық бұзушылық жазасыз қалмайтынын атап өтті және қала тұрғындарын қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікпен қарауға шақырды.