Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің лифтінде ер адамды бірнеше жігіт соққыға жықты.
Әлеуметтік желіде тараған видеода 5 жігіттің лифтіге кіре сала бір ер адамға жабыла кеткен сәті түсіп қалған. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, оқиғаға жәбірленушінің қарызын уақытында қайтара алмауы себеп болыпты. Ер адамдар оны тепкілеп, басынан жарақат салып, пышақ сұққан көрінеді.
Бейнежазбаға жігіттердің ұрып болған соң, ер адамды көтеріп сыртқа шығып кеткені де түсіп қалған.
Ернар Алтаев, Абай ауданы полиция басқармасының бастығы: «Аталған жайт бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Жайтқа қатысы бар тұлғалар анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде».