Бүгін БАҚ өкілдерінің қатысуымен Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланған баспасөз конференциясы өтті. Қала әкімінің орынбасары, Сәрсен Абайұлы мегаполистің жетістіктерін саралап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Соңғы жылдары Шымкентте құрылыс қарқыны айтарлықтай өскен. Мұны әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Абайұлы айтып отыр. Қала әкімінің орынбасары мегаполистің өсіп-өркендеуіне тікелей әсер ететін саладағы жетістіктер мен алдағы жоспарларға кеңінен тоқталды.
Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы қаласы әкімдігінің ресми өкілі: «Қаламызда құрылыстың қарқынды жүруі де бұл — қалыпты жағдай деп айтуға болады. Былтырғы жылы біздің қаламыздағы құрылыс қарқыны 14 пайызға өсті. Оның ішінде тұрғын үй көлемі 26 пайызға артты. Құрылыстың қарқынды дамуының нәтижесі ретінде қаладағы инвестицияның көлемі 12 пайызға артқанын айтуымыз керек»
Мегаполисте тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүріп жатыр дейді Сәрсен Құранбек. Бүгінде баспаналардың көлеміне ғана емес, оның сапасына қатысты талаптар күшейтілген. Мәселен, тұрғын үйлердің кепілдік мерзімі 5 жылдан 7 жылға өсірілді.
Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы қаласы әкімдігінің ресми өкілі: «Жалпы 283,5 шаршы метр құрайтын 57 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Бұл үйлерде 3592 пәтер бар. Соның ішінде 190,9 шаршы метры биылғы жылы тапсырысқа беріліп, 31 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, 2412 пәтер пайдалануға беріледі. Сол жерге тұрғындар кіреді деп жоспарлап отырмыз»
Сонымен қатар, биыл 1279 пәтер сатып алынбақ. Дегенмен, бұл көрсеткіш былтыр 1514ті құраған еді.
Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы қаласы әкімдігінің ресми өкілі: «2024 ж 1514 пәтер сатып алынған болатын. Оның 454 жұмыс істейтін жастарға арналған болса 1060ы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға тапсырылды. Дәл осы тәсілмен биыл 1279 пәтер сатып алынады. Оның 900ы жұмыс істейтін жастарға арналатын болса, 379 пәтері осал топтың қатарына кіретін тұрғындарға берілетін болады»
Сондай ақ, биыл қала аумағындағы 22 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкі күрделі жөндеуден өткізіледі. Оның ішінде 12 жеделсаты ауыстыру жоспарланған деді әкімдіктің ресми өкілі.