Úı ANONS 3 мыңнан астам әйел зорлық-зомбылыққа тап болған

3 мыңнан астам әйел зорлық-зомбылыққа тап болған

Жаңа заң бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа куә болған адам шағымданса полиция іс қозғайды. Ол үшін бұрынғыдай зардап шеккен жәбірленушінің арызын күту қажет емес. Егер отбасылық тиран қорғану нұсқамасын бұзып, заңға қайшы әдетін тоқтатпаса сот оны үйден уақытша шығарады. Полиция Түркістанда өткен баспасөз мәслихатында тағы қандай ақпараттармен бөлісті?

Түркістан облысында жыл басынан бері 5 мыңға жуық әйел зорлық-зомбылық көргенін айтып полицияға хабарласқан. Олардың 3 мыңнан астамы өзін қорғауды сұранған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы Жанар Қалабаева мәлімдеді.

Жанар Қалабаева, Түркістан облыстық полиция департаментінің қызметкері:
«Отбасындағы зорлық-зомбылықты анықтаудың жаңа алгоритімі әзірленді. Екінші куәгерлер мен құрбандарды қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғау нұсқамаларын баспана мәселесімен қоса алғанда зардап шеккендерге күшейтілген режимде қорғау шараларын, сондай-ақ полиция қызметкерлерін оларды барлық инстанцияларды сүйемелдейді. Жәбірленушілер мен куәлердің айғақ беруден қорықпауы үшін психологиялық және құқықтық қолдау көрсетеді».

Жанар Қалабаеваның сөзінше, зорлық-зомбылық көрсетушілерге мәжбүрлі психологиялық көмек көретіледі және оңалту жұмысы жүргізіледі. Тіпті күш қолдануды тоқтатпаған жағдайда сот шешімімен оны уақытша үйден шығаруға заңмен рұқсат етіледі. Жалпы облыста бұл қылмыстық алдын алу мақсатында тиісті шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылады. Нәтижесінда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты аса ауыр қылмыс саны дерлік 90 пайызға кеміген.

Жанар Қалабаева, Түркістан облыстық полиция департаментінің қызметкері: «Полицияның өтініші бойынша сотта құқықбұзушылардың мінез-құлқына 591 тұлғаға ерекше талап белгіленді. Олардың жартысынан көбі құқықбұзушыларға ішімдік ішуге тыйым салынған. Барлығына бақылау жүргізілды. Олар тарапынан белгіленген шектеулер 130 құқықбұзушылықтың жолын кесті».

Сонымен бірге полиция, облыс аумағында зорлық-зомбылық құрбаны болғандар паналайтын тағы бір дағдарыс орталығы ашылғанын хабарлады. Онда тұрғындар тегін тұрады және түрлі көмек алады. Айта кетейік, қазір заң бойынша зорлық-зомбылық көрген адам шағымданбаған күннің өзінде үшінші тарап, мысалы куәгер арыз түсірсе бұған полиция араласады.

Дилара Иса