Úı ANONS Ауғанстан кәсіпкерлері Шымкентте

Ауғанстан кәсіпкерлері Шымкентте

Қазақстан және Ауғанстан арасындағы тауар айналымының биылғы көрсеткіші 280 млн. Ақш долларын құраған. Бұл туралы қазақ-ауған бизнес форумында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Оның айтуынша, Шымкентте өтіп жатқан бүгінгі Қазақ–Ауған бизнес форумы екі ел арасындағы экономикалық байланыстар мен сауда-саттықты дамытуға мүмкіндік бермек.

Кәсіпкерлер Қазақ-ауған арасындағы сауда саттықты дамыту мақсатында Шымкент қаласына жиналды. Оған Ауған бизнес қауымдастығының 180 өкілі қатысып жатыр, Қазақстанда өз кәсібін дөңгелетуге қызығушылық танытып отыр. Іс шараға кәсіпкерлерден бөлек, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қатысты. Оның сөзіне сенсек, екі ел арасындағы тауар айналымы 280 млн. Ақш долларын құраған. Экспорт көлемі де артты дейді вице- министр.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі: «Сонымен бірге, 2025 жылды өткен жылдың кезеңімен саллыстырғанда экспорттың көлемі айтарлықтай өскені байқалады. Бидай 2, 9 есеге, күнбағыс майы 3 есеге өскен. Ауғанстан нарығына азық-түлік өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында ауылшаруашылығы мауысымында астық дақылдарының жалпы түсімі 24 млн. тоннаға жетті».

Hamidi energy компаниясы сегіз жылдан бері Қазақстан және Өзбекстан елдеріндее бизнесін өркендетіп келеді. Аталмыш мекеме күнбағыс майы және ұн шығарып, Ауғанстанға эспорттап отыр. Айына 20 тоннадан астам өнім жөнелтуде екен. Ал, алдағы уақытта Шымкентте май зауытын іске қосуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда, арнайы келіссөздер жүргізілуде.

Забиуллах Хамиди, Hamidi energy компаниясының өкілі: «Қазіргі таңда Қазақстанмен қарым-қатынасымыз жақсы. Бизнесіміз өркендеп жатыр. Алғысымыз шексіз. Бізге, яғни осында жұмыс істеп жатқан Ауғанстан кәсіпкерлеріне қолдау көрсетіп отыр. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Алдағы уақытта осы ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деп отырмыз».

Шымкент қаласында бизнесін өркендетіп, өнім шығаруға нниет білдірген инвесторларға қолдау көрсетеміз дейді жауапты мамандар. Олардың айтуынша, екі ел арасында түрлі тауарлар мен өнімді экспорттау саласында ешқандай мәселе жоқ. Яғни, екіжақты сауданы тұрақтандыру және одан әрі өсіру үшін экономикалық дипломатияны жандандыру, экспорттық әртараптандыру және логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ауғанстаннан Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары сусындар, бағалы тастар мен қолөнер бұйымдары, кептірілген жемістер болып табылады. Ал, елімізден эспортқа шығарылатын тауарлардың басым бөлігі ұн және өзге де астық өнімдері

Нұргүл Жолымбетова