Úı Jańalyqtar Ордабасы ауданы: «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс»

Ордабасы ауданы: «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс»

фото ОАӘБҚ
Ордабасы ауданында «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» атты облыстық семинар өтті. Шараға облыстық «Әжелер алқасының» төрайымы Балымхан Байтенова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Л. Қашқынбаев, пленум мүшелері, «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасы» өкілдері, ардагерлер ұйымдарының мүшелері және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.
Семинарды аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз ашып, жүргізді.
Негізгі баяндаманы облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Б.Раманқұлов жасап, ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру жолындағы ардагерлердің рөліне кеңінен тоқталды.
Семинар барысында қатысушылар ұлттық тәрбие, отбасы мен мектептің өзара байланысы, отбасылық институттың маңызы, сондай-ақ тәжірибе алмасу бағытында тың ұсыныстарын ортаға салды.
Аға буынның ақыл-кеңесіне, өнегесіне сүйене отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен ізгілікті, ұлттық рух пен елдік сананы дарыту – бүгінгі күннің басты міндеті.