Тапшылық қайта оралды! Мегаполистегі бекеттердің басым бөлігінде газ жоқ. Өнім бар орталықтардың өзінде жүргізушілер сағаттап кезекте тұр. Әкімдік мұны шеттен келген көліктердің көптігімен байланыстырады. Қалада қай бекеттерде автогаз бар? Жалпы тапшылық сезіле ме?
Шымкентте автогаз тапшы. Бекет қызметкерлері қазан айында газ азайғанын айтып отыр.
«Газ қазан айында 3-4 рет болды ма, жоқ па содан кейін мүлде істеген жоқ».
«Газ жоқ дейді ғой. Қазақстанда газ жоқ деп жатыр ғой».
«Газ кеше түсте келген негізі. Кешке дейін көлік үзілмеді. 10-15 көлік тұрады кезекке. Записьпен келеді көліктер. Негізі толық келеді газ, кешке дейін бітіп қалады».
Бір келгенде қанша газ келеді? 5 тонна газ келеді.
Қанша уақыта жоқ болады.
7-8 сағатта жоқ болады. Таңертеңнен бері әншейін жазылғаны. Қаншасы келеді әлі. 150-ге дейін барады».
«Отырар» тереарнасының түсірілім тобы қаладағы 5 газ құю бекетіне барды. Оның бірінде ғана автогаз бар екеніне куә болды. Таңғы сағат онда бекетте елу шақты жүргізуші кезекке жазылған болып шықты. Жүргізушілер күнде газ құю бекеттерінде сағаттап кезек күтуге мәжбүр екенін айтып шағымданды. Олар мұны газ бағасын көтерудің амалы деп бағалап отыр».
«Таңғы асымызды ішкен жоқпыз. Кезекте тұрмыз. Мұны құймасаң қанша тірлігің қалады. Бензинге ақша көп кетеді. Үнемдейміз деп осылай жүреміз. Әр жерде тентіреп. Халықты ойлап жатқан ешкім жоқ-ау. Көтерсе көтеріп, бар қылып қойса екен. Бензин де кетті 225 теңге».
«Азанда келесің, жұмыстан қаласың. Өзімізден газ шығады. Білмеймін ғой не проблема, қайда жіберіп отырғынын газды?».
«Күнде осы көлікпен нан тапқаннан соң оңай емес. Мына жерде қанша адам? Ішіміз ашиды ғой. Бензин арзан болса бензинмен-ақ жүретін едік».
«Ертең көтеріледі, қайта қалпына түседі. Қазір үйреніп қалдық қой оған. Осылай жоғалады одан кейін көтеріледі. Кез-келген зат жоғаталы, көтеріледі».
Дегенмен, әкімдік дерегінше, қалада газ тапшылығы жоқ. Керекті автогаз уақытылы жеткізіліп отыр.
Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Автогаздың тапшылығы жоқ. Автогаздың тапшылығы бізде өзі бізге жоғарыдан энергетика министрлігі тарапынан әр облысқа әр қалаға бөлінген мөлшері бар. Ол ай сайын келіп отырады. Тек біздегі жағдай сырттан келіп жұмыс істейтін Түркістан облысынан, шалғай аудандардан келіп жұмыс істейтін адамдар бар. Олар ертеңгісін біздің қалаға келеді. Кешкісін қайтады. Әрине бірінші кезекте қолайлығына қарай, бағасына қарай қаладаға газ құю бекеттерінен газ құяды. Сондай кезде ғана тапшылық тууы мүмкін. Былай бүгінгі таңда газ тапшылығын көріп отырған жоқпыз».
Дегенмен, ресми өкіл, қалада газбен жүретін көліктердің саны көбейген болуы мүмкін. Оның өзін нақты анықтау қиын.
Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Бұл өте күрделі мәселе. Себебі біздегі автомобильдердің саны нағыз, нақты статистикаға сәйкес келмейді. Автобекеттен газ құятын. Себебі жаңағы мен айтқандай. Шалғай аймақтардан келетін газбен жүретін көліктер ол біздің қаланың есебінде бар көліктердің құрамына кірмейді. Сол себепті де осындай жағдай туындауы мүмкін. Әйтпесе, бізге қалаға қажетті газ көлемі толығымен жеткізіліп отыр».
Айта кетейік, бұдан бұрын бірнеше рет қала тұрғындары автогаздың тапшылығына байланысты шағымданған. Кейіннен газ беру қалыпты жағдайға түскенде, бағасы 90 теңгеден 102 теңгеге қымбаттаған еді.
Дилара Иса






