Úı ANONS Шымкентте автобустың астына түскен әйел қайтыс болды

Шымкентте автобустың астына түскен әйел қайтыс болды

Шымкенттегі Жібек жолы көшесінде жүргінші әйел 103 бағыттағы қоғамдық көлікті астына түсіп, мерт болды. Қалалық полиция департаментінің алдын ала дерегі бойынша, марқұм белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

«Қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде»

Шымкент қалалық полиция департаменті

Полиция азаматтарды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға және жолда аса мұқият болуға шақырады. Қазақстанда заң бойынша жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншілерге 2 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынады. Ал бір жылда ережені қайта бұзса айыппұлды 5 есе көп төлейді.

Қалалық полиция департаментінің дерегінше, биыл қазан айына дейін Шымкентте түрлі жол-көлік оқиғасынан 47 адам қайтыс болған. Ал өткен жылы 67 адамның өмірі қиылған.

Дилара Иса