Шымкентте алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды. Синоптиктердің мәліметінше, күн 25 градусқа дейін жылынбақ. Ауа райының күрт ысуы адам денсаулығына қалай әсер етеді? Арна тілшісі дәрігерлерден кеңес сұрады.
Күзгі Шымкент қайта күн шуағына бөленбек. Синоптиктердің хабарлауынша алдағы күндері ауа райы 25 градусқа дейін жылынады. Аспан ашық, жауын-шашын күтілмейді дейді мамандар.
Аружан Мұратова, «Казгидромет» РМК баспасөз хатшысы: «Алдағы күндері еліміздің көптеген өңірлеріндегі синоптикалық жағдайға солтүстік антициклон әсер етеді. Бұл жауын-шашынсыз ауа-райын қамтамасыз етеді. Атмосфералық форнттардың өтуіне байланысты оңтүстікте 15-25 жылы шамасында сақталады»
Мамандардың айтуынша, мұндай ауа райында ағза әлсіреп, түрлі жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі артады. Сол себепті дәрігерлер иммунитетті көтеріп, тұмаудың алдын алу шараларын жасауға кеңес береді.
Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері: «Бірінші кезекте күн салқындаған кезде, қысқы ауада, күзгі ауада бұл бетперде. Ең бастысы бетперде. Бетпердемен үнемі жүруге бейімделу керек. Екіншіден адамдардың шоғырланатын жерлеріне көп бармау керек. Егер ондай жерге баратын болса бетпердені пайдалану керек. Үшіншіден иммунитетті көтеру керек. Бірінші кезекте дұрыс тамақтану, 3-4 мезгіл. Ұйқы дұрыс болу керек. Кемі 8 сағат және де жылы суды көбірек ішіп тұру керек. Ересек адам 2-3 л жылу су ішу керек».
Дәрігерлер жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакцина салдырудың маңыздылығын атап өтті. Оны кез келген азамат өз тіркелген емханасында тегін ала алады. Сонымен қатар мамандар екпенің бірінші кезекте кімдерге салынатынын да түсіндірді.
Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері: «Бірінші кезекте жасөспірімдерге. 6 айдан бастап мектеп жасындағы балаларға. Екінші ол жүкті әйелдерге. 2-3 триместрдағы. Үшінші 65 жастан асқан азаматтарға. Қарттар үйіндегі болсын, басқа да ұйымдардағы азаматтарға бірінші кезекте салынады. Және де мед қызметкерлеріне. Не үші? Өйткені олар науқастармен үнемі қарым қатынаста болғандықтан»
Мамандардың айтуынша, жылы ауа райы ұзаққа созылмайды. Бұл апта соңына дейін жылы ауа райы сақталса, келесі аптада ауа температурасының төмендеуі ықтимал. Сол себепті дәрігерлер денсаулыққа мән беріп, сақтық шараларын қаперде ұстауға кеңес береді.
Лаура Бабас






