Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «F.» ЖШС-нің жауапкер «К.» ЖШС-нен қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы мен жауапкер арасында газобетон бұйымдарын жеткізу туралы шарт жасалған, алайда жауапкер белгісіз себептермен құны 13 миллион теңгеден аса болатын тауардың қалған бөлігін жеткізбеген.
Сот, істі даярлау барысында тараптарға татуласу құқығын, оның ішінде сотта татуласудың тиімді тұстарын түсіндіргеннен кейін, тараптар татуласуға келісетінін көрсеткен. Келісімшарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 13,9 млн. теңге көлеміндегі қарызын өтеді. Сонымен қатар, талап қоюшы 1,3 млн. теңгеден астам мөлшеріндегі айыппұлды өндіріп алудан бас тартып, өкіл шығындарын 500 мың теңгеге дейін қысқартты. Тараптар арасында келісім бекітілуіне байланысты, азаматтық іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды, талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж сомасы қайтарылды. Ұйғарым заңды күшіне енген.







