Қазақстан Республикасының ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айының 17-19 күндері аралығында Шымкент қаласы аумағында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған «Мал ұрлығы» іс шарасы өткізілуде. Іс — шараның бірінші күнінде бұрын болған 2 мал ұрлығы жайты ашылды.
Шымкент ҚПД Криминалды полиция басқармасы және аудандық бөліністер қызметкерлерімен бірлесіп «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жалпы — 105 әкімшілік хаттама толтырылған, жалпы 40 шаруа қожалықтар және 65 ет сататын орындар тексерілді.
Іс шара барысында шаруа қожалықтар және ет сататын орындар, мал тасымалдаушы автокөліктер және мал сою орындарына тексерулер жүргізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық қызмет салалары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылып, қарқынды жұмыс жасауға көшті. Сондай-ақ, ветеринария саласымен бірлесіп, құжатсыз төрт түлік малды тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған тиісті сертификаттардың бар-жоқтығын анықтап, тексерілуде.







