Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері Сайрам тұрғын алабы, М.Жалил көшесіндегі «Shinar» салтанат сарайына тексеру жүргізу барысында бірқатар заң бұзу фактісін анықтады. Бұл нысан бастапқыда 1 қабатты шайхана ретінде пайдалануға қабылданған. Кейін меншік иесі ғимаратты қайта құрып, 2 қабатты «Shinar» салтанат сарайы ретінде пайдаланып келген.
Тексеру нәтижесінде ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заң талаптары сақталмай реконструкциялау жүргізілгені анықталып, тойхананың жұмысы тоқтатылды.







