Úı ANONS Түрмеге телефон кіргізбек болған

Түрмеге телефон кіргізбек болған

Түрмеге телефон кіргізбек болғандардың әрекеті әшкереленді. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №55 мекемесінде он ұялы телефонды заңсыз алып кіру әрекеті дер кезінде анықталды.

Мекеме қызметкерлері мен әскери бөлімнің қызметкерлері жедел әрекет етіп, құқық бұзушылықтың алдын алды. Ресми ақпарат бойынша автокөлік жүргізушісі телефондарды сим картасы және қуаттағышымен  бірге құрылыс материалдарының арасына жасырып алып кірмек болған.

ҰЛАН ӘБИБУЛЛА,  ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Сотталған азаматтар бізде жұмыс жасайды. Олар өздеріне қажетті заттарды, материалдарды тапсырыс берген. Сонымен қоса телефондарды да заказ берген.  Ол телефондардың жолы кесіліп, қызметтік тергеу жүріп жатыр. Сотталған азаматтарға да өздеріне тиісті шара қолданылады».

Жауапты мамандар, сотталған азаматтардың туыстарына да мұндай әрекетке бармауға кеңес береді. Сондай-ақ, заңсыз ірекет жасауға тыйым салынатындығын жеткізді.

 

Нұргүл Жолымбетова