«Казавиақұтқару“ авиациялық қызметінің борт нөмірі EC 145 тікұшақ экипажы Түркістан облысының Жетісай ауданынан санитарлық рейс орындап, Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен 1986 жылғы ер адамды Шымкентке жеткізді.
Түркістан облыстық ауруханасы Шымкент қаласында орналасқандықтан, ал Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсету үшін қажетті арнайы жабдық жеткіліксіз болғандықтан тасымалдау қажет болды.
Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, зардап шеккен адамды Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Тікұшақ жерге қонған соң ер адам арнайы медициналық мамандардың бақылауына тапсырылды.







