Биыл мегаполис аумағында ауланған ит саны едәуір өскен. Мысалы өткен жылы ауланған ит саны 36 мыңға жеткен. Биыл оның саны 47 мыңнан асқан. Айта кетейік, қазір ит-мысықты атуға тыйым салынған.
Биыл Шымкентте 10 түрлі жұқпалы ауруға қарсы 1 миллион 2 жүз мыңнан аса жануарға екпе салынған. Ал 6 түрлі ауруға қарсы қан сынамасы алынып, диагностикалық зерттеу жасалған. Бұдан бөлек, кенеге қарсы көктемде және күзде залалсыздандыру жұмысы жүрген. Мұның бәрі тұрғындардың қауіпсіздігі үшін маңызды дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекембаев.
Қала тұрғындарын ойландыратын мәселелердің бірі — қаңғыбас ит-мысықтардың жайы екені белгілі. Жануарларды бұрынғыдай атуға заңмен тыйым салынған. Ендігі жерде қауіптің алдын алу үшін мамандар не істеп жатыр?
Ресми мәлімет бойынша, жыл басынан бері жануарлардан құтыру ауруы жұқпаған. Ал ит қабу, мысық тырнау бойынша 3 мыңнан аса оқиға тіркелген.






