Úı Jańalyqtar Бейнемониторинг жүйелері енгізілген

Бейнемониторинг жүйелері енгізілген

фото ШПД

 

Шымкент полициясы қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды белсенді қолдануда. Бүгінде құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге мүмкіндік беретін озық тіркеу және бейнемониторинг жүйелері енгізілген. Қала полициясы жаңа әдістер арқылы қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында маңызды қадамдар жасап келеді.

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының №31 учаскелік тірек пунктінің қызметкерлері дронның көмегімен өздеріне тиесілі аумақты аралап, бірнеше құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтсақ, дронның көмегімен қалдықтарды заңсыз тастау жайты анықталды. Жүк көліктері рұқсат етілмеген орынға қоқыс тастаған. Құқық бұзушылар жедел анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Әсіресе, қалада өзекті болып отырған экология мәселесіне байланысты, заңсыз қоқыс тастау фактілері жиі орын алуда.

Тиісті құжаттар мен дәлелдер жинақталған соң, құқық бұзушылар жедел түрде анықталды және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Бұл шаралар қала тұрғындарының экологиясына және қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, қала полициясының бұл тәжірибесі басқа да аудандарда жалғасын тауып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға әрі жедел анықтауға септігін тигізуде.

 

Шымкент әкімдігі мен полициясы заманауи технологияларды қолдану арқылы құқықтық тәртіпті сақтау ісін одан әрі жетілдіруді көздеп отыр. Бұл арнайы бақылау құралдары мен техникалық жаңартулар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосуда. Алдағы уақытта да осындай әдістер арқылы қала өмірін қауіпсіз әрі үйлесімді ету үшін жұмыстар жалғаса бермек.

 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, дрондарды қолдану қолжетімсіз жерлерде экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Полиция қала аумағын абаттандыру ережелерін қатаң сақтауға шақырып, тек бірлескен күшпен тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге болатынын еске салады.