Түркістан облысында инвестиция тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Жиынға облыс әкімі, оның орынбасарлары мен басқарма басшылары, аудан-қала әкімдері, бизнес өкілдері мен инвесторлар қатысты. Олар, биыл жүзеге асырылатын жаңа жобаларды пысықтап, тұрғындарға жаасалатын жағдайды талқыға салды.
Түркістан облысы әкімінің төрағалығымен өткен жиында инвестициялық жобалардың өзекті мәселелері қаралды. Яғни, оларды шешу жолдары талқыланып, биыл жүзеге асырылатын жаңа жобалар және 2025 жылы өтетін форум аясында қытайлық инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері жөнінде баяндалды. Басшы, инвестициялық жобаларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. Ал, аудан қала әкіммдері аталмыш жобаларды іске асыру барысында арнайы экономикалық аймақтарда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар, облыыс әкімі инфрақұрылым мәселелерін жедел шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Оның айтуынша, инвестициялық ахуалды жақсарту өңір экономикасын дамытып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етеді. Жиын барысында өзге де аудан әкімдері тындырымды тірліктерімен бөлісіп, өңір экономикасы жайында баяндап берді. Сонымен қатар, 400 ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Бұдан бөлек, жиында Сайрам ауданында «Kuzov Karabulak» ЖШС арнайы техника құрастыру зауытының құрылысын 95 пайызға аяқтағаны мәлім болды. Сонымен қатар, Бәйдібек ауданында жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы мен құрама жем зауытын салуды жоспарланып отыр. Ал, Ордабасы ауданында ірі қара мал сүйегінен май және желатин өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек мақта шығару, тұқымын өндіру бойынша да тиісті жұмыстар жолға қойылған.
Нәтижесінде Түркістан қаласында бес, ал Отырар мен Ордабасы аудандарында екі-екіден жаңа жобалар іске асырылмақ. Инвестициялық штаб отырысы ашық диалог форматында өтіп, берілген тапсырмалар хаттамаға енгізілді. Барлық жүктелген міндеттер облыс әкімінің бақылауында болмақ.
Нұргүл Жолымбетова






