Úı ANONS Шымкент: Дрон есірткі жасырушыны қылмыс үстінде ұстап берді

Шымкент: Дрон есірткі жасырушыны қылмыс үстінде ұстап берді

фото ШПД
Шымкентте учаскелік инспекторлар рейдтік іс-шара барысында пилотсыз ұшатын аппараттың көмегімен есірткі салынған түйіншектерді жасырын орындарға қойып жүрген ер адамды анықтады.
Әуеден бақылау барысында патрульдік камера күдіктінің кезекті ораманы жасырып жатқан сәтін тіркеген. Тәртіп сақшылары оны жедел құрықтады.
Полицейлердің айтуынша, заманауи технологиялардың құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және олардың жолын кесуге көмегі зор. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы жұмыс қарқынды жалғасуда.