Шымкентке келуші туристер саны жылдан жылға артып келеді. Биыл мегаполиске 406 мыңнан астам саяхатшы келген, оның 30 мыңы шетелдік екен. Қалада келушілерге көрікті жерлерді таныстыру үшін арнайы бағыттар ұйымдастырылған. Ал ең көп сұранысқа ие маршрут қандай? Туристер санының өсуіне қандай факторлар ықпал етті?
Биыл Шымкентке келген туристер саны шамамен 5 пайызға артты. Жыл басынан бері қалаға 406 мыңнан астам саяхатшы келген, оның 30 мыңы шетелдік екен. Қонақтарға қаланың көрікті орындарын көрсету үшін арнайы маршруттар дайындалған дейді жауаптылар.
СҰЛТАН ЫСҚАҚОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ, СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Туристік нысандар мен тур маршруттар цифрландырылды. Туристік обьектілер үшін 3д формат аясында жасалды. Жалпы саны 7 нысан. Оның ішінде Сайтжан Қари, Бәйдібек би, Қошқар ата, ЗОО саябақ, дендросаябақ, Ибрагим ата, Қарашаш ана нысандарына енгізілді»
Бүгінде қалада туристерге 17 бағытта маршруттар қызмет көрсетеді. Ең көп сұранысқа ие 4 күндік Түркістан – Ташкент – Ақсу-Жабағалы – Шымкент маршруты екен. Сондай ақ, мегаполисте 24 туристік оператор мен 120 агенттік жұмыс істейді. Айта кету керек, шетелден тікелей рейстердің ашылуы да туристер санын арттырған факторлардың бірі болып отыр.
СҰЛТАН ЫСҚАҚОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ, СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «2024 ж желтоқсан айында жаңадан ашылған әуе терминалы бойынша 4 мемлекеттегі 6 қалаға тікелей рейстер ашылды. Олар Сиань, Шанхай, Үрімші, Сеул, Будапешт, Мюнхен қалалары»
Тікелей рейстер саны алдағы уақытта та артпақ. Келер жылы шымкенттіктер Португалия астанасы Лиссабонға ұша алады. Қазір бұл бағыт бойынша дайындық жүріп жатыр.
Лаура Бабас






