Úı Jańalyqtar Шымкентте қауіпсіздік сабақтары жалғасуда

Шымкентте қауіпсіздік сабақтары жалғасуда

фото ШПД

Шымкент қаласында білім беру және құқық қорғау органдарының бірлесе ұйымдастырған қауіпсіздік сабақтары жалғасуда. №4 Х.Досмұхамедов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте өткен кездесу ерекше мәнге ие болды, себебі тәртіп сақшылары оқушылармен тікелей кездесіп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді сабақ өткізді.

 

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қауіп-қатерлерді дұрыс бағалай білуін қамтамасыз ету және тосын жағдайларда өздерін қауіпсіз ұстау дағдыларын дамыту болды. Полиция инспекторлары балаларға жол ережелерін ұстанудың маңыздылығын айтып, интернет кеңістігіндегі қауіптер туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда қауіпсіздікті сақтау қажеттілігі туралы ақпарат беріліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Бұл шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және олардың өмірлік қауіпсіздік дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Сонымен бірге, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға да септігін тигізеді. Болашақта да осындай кездесулердің жалғасын тауып, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Сабақ барысында мамандар мысалдар келтіріп, түрлі жағдайларды талқылау арқылы оқушыларды ойлануға, жауапкершілікпен әрекет етуге бағыттады. Балалар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, нақты жағдайларға қатысты кеңестер алды.

Мұғалімдер полиция қызметкерлеріне оқушыларға пайдалы әрі тәжірибеге негізделген ақпарат бергені үшін алғыс білдіріп, аталған іс-шара балалардың қауіпсіздік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, олардың саналы мінез-құлық қалыптастыруына үлес қосатыны атап өтті.

 

Алдағы уақытта оқушылардың қауіпсіздігіне арналған сабақтар жалғасын табатын болады. Бұл білім ошақтары үшін де, тәртіп сақшылары үшін де маңыздыболып отыр.