Úı ANONS Шымкенттің үздік жастары анықталды

Шымкенттің үздік жастары анықталды

Өңірімізде дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын «Үздік жастар – 2025» премиясының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқауға Шымкент қаласынан 14 пен 35 жас аралығындағы 250-ге жуық жас өтінім берген. Комиссия шешімімен түрлі сала бойынша озық деп танылған 20 жас «Өз саласының үздігі» атағына ие болды. Іс-шарға әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, таңдаулы деп танылған жастарды марапаттады.

Аружан Нұрманқызы – бүгінде қаламыздың үздік жас ақыны. Ол бала күнінен бастап қағазға түскен жырларын бір жыл бұрын жинақтаған.«Махаббат ол» деп аталатын өлеңдер жинағында ақын қыздың «Менің дінім», «Махаббат ол», «Сыпайы бұйрық» секілді оқырман көңілінен шыққан өлеңлері топтастырылған. Жас ақын осы 500 дана болып жарық көрген кітаптың арқысында үздік атаныпты. Дегенмен ол еңбегімді көпшілік сүйіп оқыса – ең үлкен жетістік, ең қымбат байлық дейді.

АРУЖАН НҰРМАНҚЫЗЫ, «ҮЗДІК ЖАС АҚЫН» НОМИНАЦИЯ ИЕГЕРІ: «Негізі бақ шаба ма, бап шаба ма?» деп айтып жатамыз ғой. Көптің ішінен қазылар алқасы кәдімгідей сыйлы кәдімгідей елге белгілі ақындар. Солардың арасынан мені озық деп санап,осы сыйға марапатқа лайық санағаны үшін қуанышымда шек жоқ».

Жастар ел дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл «Үздік жастар 2025» байқауының марапаттау рәсіміне  Шымкент әкімі Ғабыт Сыздықбеков арнайы қатысып, мінберде сөз сөйледі. Ол Шымкент жастар үшін мол  мүмкіндіктер орталығы екенін, олардың өңірді өркендетуде алатын орны ерекше екенін атап өтіп, белсенді жастарды марпаттады.

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІ: «Бұл ел болашағына сенім артқан мемлекет пен қоғамның белсенді, білімді және еңбекқор жастарымызға көрселітген құрметтің белгісі болып табылады. Сіздердің орындарыңыз бөлек».

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл байқауға биыл 17-35жас аралығындағы үміткерлерден 250-ге жуық өтінім түскен. Ал қара қылды қақ жаратын қазылар алқасында, білім, заң, әкімшілік секілді салалардың білікті мамандарынан 11 комиссия мүшесі жасақталған.

ЖАНСЕРІК ЖҰМАН, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» БАСШЫСЫ: «Жылда 20 номинация болады. Дегенмен де жылдың ерекшелігіне сай номинациялар бөлінеді. Биыл арнайы жұмысшы мамандықтар жылын қостық. «Үздік заңгер» Үздік қоғамдық сала қызметкерлері,қоғамдық салада қызмет етіп келе жатқан жастарды тану мақсатында номинациялар ұйымдастырдық».

Айта кетейік, үздіктер шығармашылық жетістігі, қоғамдық белсенділігі және салалық үлесі бойынша бағаланды.Ал бұл байқау елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, қоғамның түрлі салаларында жетістікке жеткен жастарды қолдау, олардың еңбегін насихаттау, рухын көтеру және ынталандыру.

Ботакөз Әнуар