Úı Jańalyqtar «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында студенттермен кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында студенттермен кездесу өтті

фото ШӘДБҚ

 

Шымкент аграрлық-техникалық колледжінде құқықтық білім мен тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты — студенттерге «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды.

 

Кездесу барысында студенттерге e-Gov қосымшасындағы «Заң және тәртіп» тетігі туралы кеңінен мәлімет берілді. Бұл платформа арқылы азаматтар түрлі құқықтық сұрақтарға жауап алып, құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, студенттер буллинг (қысым көрсету), алаяқтық сияқты қоғамда кеңінен таралған құқық бұзушылықтар туралы мағлұмат алды. Бұл тақырыптар бойынша түсіндірмелер жүргізіліп, олардың алдын алу жолдары туралы кеңес берілді.

 

Сонымен бірге, шарада AdiletGov мобильдік қосымшасы мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды. Бұл қосымшалар арқылы сот актілерін, заңдар мен нормативтік құжаттарды оңай әрі тез түрде табуға болады. Сонымен қатар, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жүйелердің құқық саласындағы рөлі мен мүмкіндіктері туралы айтысып, студенттердің құқықтық білімін кеңейтуге арналған жадынамалар таратылды.

 

Кездесу соңында студенттер құқықтық ақпараттарға қол жеткізу әдістерін меңгеріп, заңды білу мен оны құрметтеудің маңыздылығын түсінді. Бұл шара білім алушылардың құқықтық сауатын арттырып, қоғамда тәртіп пен заңдылықтың сақталуына оң әсерін тигізеді деп сенеміз.

 

Шымкент аграрлық-техникалық колледжі ұжымы мен ұйымдастырушылары осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырып, студенттердің құқықтық мәдениетін дамытуға күш салатын болады.

 

 

Кездесуге Шымкент қаласының Әділет департаментінің бас маманы С.Бахтыяр,«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастармен жұмыс бөлімінің маманы Ә.Ж.Төребек қатысты.

Жастармен заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылық пен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы талқыланды.