Úı ANONS Әлеуметтік желіде Шымкенттегі мектептерге террористік шабуыл жасау туралы жалған ақпарат таралуда

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі мектептерге террористік шабуыл жасау туралы жалған ақпарат таралуда

фото әлеуметтік желіден алынды

Шымкенттік ата-аналар үрей құшағында. Дәл қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Шымқаладағы мектептерге террористік шабуыл жасау туралы жалған ақпарат таралуда.

Telegram арнасында білім беру мекемелеріне қарсы қауіпті шабуыл жасау туралы ақпар  пайда болды. Ақпарат ата-аналар чатында да жылдам таралуда. Жарияланымдарда қару-жарақтың фотосуреттері және авторлардың айтуынша, террористік шабуылдар жасалады деп болжанған қала мектептерінің тізімі бар. Тізімдерде ондаған білім беру мекемелерінің нөмірлері көрсетілген.

Полиция тергеу жүргізіп, азаматтарды таратылып жатқан жалған хабарламаларға сенбеуге шақырды.

«Мессенджерлерде мектептерде қылмыс жасалуы мүмкін деген жалған ақпарат таралуда. Аталған хабарламалар шындыққа сәйкес келмейді. Мұндай қауесеттерге сенбеуді және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз. Қазіргі уақытта полиция тексеру жұмыстарын жүргізуде, барлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жағдай толық бақылауда. Қылмыс жасауға дайындық туралы жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сабыр сақтаңыздар және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер», — деп түсініктеме берді Шымкент қалалық полиция департаменті.